Ұлына Абай есімін қойған қазақстандықтар 180 мың теңге алады

0

2025 жылы Қазақстан ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын атап өтеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Асыл тас” қоғамдық қоры ұлы философтың мұрасын сақтау бастамасымен шықты.

«2025 жылдың 10 тамызында дүниеге келіп, Абай есімі берілген балаларға 180 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындалады», – деді кәсіпкер Дулат Тастекей Instagram парақшасында.

Ол бұл жобаның басты мақсаты – Абай мұрасын сақтау, оның есімін ұлықтау және жаңа ұрпақ арасында философиясын насихаттау екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келген.

Еске салсақ, сенат депутаттары Қазақстанда 5 жастан асқан балаларды қамтитын«Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу туралы заңды мақұлдады.