Ұлымен түскен видеосын жариялаған Мақпал Исабековаға ел сүйсінді
Отандық танымал әнші Мақпал Исабекова желіде ұлымен түскен видеосын бөлісіп, елдің ыстық ықыласына ие болды. Желі қолданушылары анасы мен баласына сүйсіне қарап, оларға жылы лебізін аямаған, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
Мақпал Исабекова ерекше отбасылық бейнежазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Онда әртістің ұлымен ойнап, артынан оны емізіп жатқанын көруге болады. Қалың көпшілік аталмыш видеоға сүйсіне қарап, әншіге ана болған өте жарасатынын жазуда. Оқырмандар анасы мен ұлына лүпілдерін жаудырып, өз жылы лебізін білдірген. «Қандай керемет сәт. Осы бақытқа жетер ештеңе жоқ», «Мақпал ана болғалы өзгеріп кеткен. Мүлдем басқа адамдай», «Сізге ана болған жарасады екен. Көзіңізден балаңызға деген шексіз махаббат бірден көрініп тұр», «Балапаныңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз», «Көз тимесін. Артынан бауырлары ере берсін», — деп жазуда оқырмандар.