«Ұлымды ұрғаным жоқ»: Алматы түбінде табылған баланың әкесі сотта жауап беріп жатыр — Тосын жай

0

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шығыс айналма автомобиль жолында өз баласын таспен ұрған ер адамға қатысты сот отырысы басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот алдына Мұрат Асқароғлы келді. Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі 3-тармағы және 24-баптың 3-бөлігі бойынша («Кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан») айыпталып жатыр.

«Көрпеге орап, ағаш түбіне тастап кеткен». Алматы маңында баланы көлік қағып кетті

Асқароғлы сот барысында баласын таспен ұрмағанын мәлімдеді.

«Ұлымды ұрғаным жоқ. Қандай әке өз баласына қол көтере алады? Ұлым жол-көлік оқиғасы болды деп айтты. Балам мені сағынып жатыр. Әкем болса, бес минутқа келіп кетеді, анам да келіп тұрады. Ұлымды әлі көрмедім. Балаларым мені сұрап жатыр. Мұндай қолымнан келсе, балам мен жайлы сұрай ма? Қағаздарға қол қойдыру үшін кінәмді мойындауын сұрады. Бірақ мен ұлымды ұрған жоқпын. Ол кезде жұмыста болдым, адамдар растап бере алады. Мас болған жоқпын», — деді Мұрат Асқароғлы.


© Tengrinews.kz

Еске салайық, 2018 жылдың шілдесінде Алматыдағы Шығыс айналма автожолында ессіз күйде табылған 4 жасар Мұхамад Асқароғлыны өз әкесі таспен ұрғаны анықталған еді. Баланың әкесі Мұрат Асқароғлы бұл қылмысты өзі жасағанын мойындап, мас күйде болғанын айтқан болатын.

Кейінірек ол сотта санкция жайлы айтылып жатқанда жылап жіберген еді. 1985 жылғы ер адамның бетон зауытында жұмыс істейтіні белгілі. Үйленген, екі ұлы бар. 


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz