«Ұлым тамақ беріп отыр»: Қайрат Нұртастың денсаулығы сыр берді
Танымал хитмен, әнші Қайрат Нұртастың денсаулығы сыр берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі ұлы Нарұлдың жанында тамақ беріп отырғанын айтты.
“Жаным менің, әкесі ауырып қалған кезде тамақ беріп жатыр», – деді Қайрат Нұртас.
Еске салайық, ұщақта шу шығарып, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртас бостандыққа шыққаннан кейін балаларымен қауышқанын жазған едік.
«Ассаламағалейкум, қазақ елі. Нарұл мен Хан деген жігіттер. Хан – спортшы жігіт. Ал Нарұл ақылды жігіт», – деген еді өнер иесі.
Бұған дейін әншінің әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова да ауырып қалған еді.
“Жеңіл түрде әлсіздік пен бас айналу бар. Басымның қатты ауырғаны басылды. Екі күн ем алдым. Ертең МРТ қорытындысы белгілі болады. Бірақ өмір сүремін. Уайымдамаңыздар, сауығып кетемін», – деген еді кино жұлдызы.