Ұлыбританиялық үш азамат балаларымен бірге Алматы тауларында адасып кеткен — Тосын жай

Ұлыбританиялық үш азамат үш баламен бірге Алматы тауларында адасып кеткен, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап.
Туристер 30 желтоқсан күні шамамен сағат 19.00-де таудан Бутаков шатқалына түсу кезінде адасып кеткен. Бір сағаттан кейін ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел-құтқару отрядының құтқарушылары іздеу жұмыстарына кірісті. 11 құтқарушы иттермен бірге іздеп, жарты сағаттан кейін шетелдіктерді тапты. Олар автокөлікке дейін жеткізілді. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болған жоқ.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz