Ұлыбританиялық медбике 48 сағаттық ауысымнан кейін азық-түлік сатып ала алмағаны үшін жылады (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Британдық медбике Доун Билроу коронавирустың кесірінен ауруханада 48 сағаттық ауысымнан кейін тамақ сатып ала алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фейсбуктегі парақшасында ол көзіне жас алып, адамдарды сөрелерден азық-түлікті жаппай алып кетуді тоқтатуға шақырды, өйткені сол кезде көптеген адамдар тамақсыз қалады.

 

Daily Mail хабарлағандай, әлеуметтік желі қолданушылары әйелді қолдап, онымен өнімдермен бөлісуге дайын екендіктерін білдірді.

Ұлыбритания денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 3983-ке жетті, бұл күніне 714 жағдайға көбейді. Бұл 24 сағат ішінде жұқтырған адамдардың рекордтық саны. Қайтыс болғандар саны — 177 адам.

 

 

stan.kz