Ұлыбританияда үш қызды өлтірген қылмыскер 52 жылға сотталды
Өмір бойына бас бостандығын шектеуге оның жасы келмеген
Ұлыбританияның Саутпорт қаласында Аксель Рудакубана үш қызды өлтіргені үшін 52 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kznews.kz агенттігі Sky Newsтелеарнасына сілтеме жасап.
Жасөспірім би студиясына кіріп, кішкентай қыздарды пышақтаған. Ол жәбірленушілердің бірінің мәйітінің жанында тұрған жерінде ұсталған. Кейін оның электронды құрылғыларын тексеру барысында зорлық-зомбылық пен геноцидтік идеяларға әуес екені анықталған.
Ол адам өлтіруден басқа да 13 қылмыс бойынша айыпталды. Судья сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай алмаған, өйткені ол қылмыс жасаған кезде небәрі 17 жаста болған.