Ұлыбританияда ұлын Адольф деп атаған ерлі-зайыпты соттан бірақ-ақ шықты

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Ер мен әйелге неонацистік ұйымға мүше болды деген айып тағылып отыр

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Ұлыбританияда ерлі-зайыпты ұлына Адольф Гитлердің есімін беремін деп сотталып жатыр, деп хабарлады РИА Новости Independent газетіне сілтеме жасай отырып.

22 жастағы Адам Томас пен 38 жастағы Клаудия Пататас екі жыл бұрын интернетте танысқан. Олар Адольф Гитлерді үлгі тұтатындықтан баласына Адольф деген екінші есім берген.

Бирмингем корольдік соты ерлі-зайыптыны National Action неонацистік ұйымына (Ұлыбританияда тыйым салынған) мүше болғаны үшін кінәлі деп тапты. Сонымен қатар, Томасқа «Анархистің аспаздық кітабын» сақтады деген айып тағылды. 

Ерлі-зайыпты мұрағатынан Томастың Ку-клукс-клан ұйымының ақ киімін киіп, ұлын қолына ұстап түскен суреті табылды. Тағы бір отбасылық суретте Томас свастика (фашистік белгі) бейнеленген туды ұстап тұрыпты.

Неонацистік ерлі-зайыптыға қатысты үкім әлі жарияланбады.