Ұлыбританияда «Еуропа одағы» деп жазылмаған төлқұжаттар бере бастады

0

Ұлыбритания ЕО-нан әлі шықпаса да, ел билігі азаматтарына сыртқы қабында «Еуропа одағы» деп жазылмаған төлқұжаттар бере бастады.

Елдің ішкі істер министрлігінің түсіндіруінше, олар Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуының алғашқы белгіленген мерзіміне дайындалған. Ұлыбритания билігі Еуроодақтан шығу мерзімін әуел баста 2019 жылдың 29 наурызына белгілеген еді. Министрлік жоспарына сәйкес, 2019 жылдың аяғына дейін британдық төлқұжаттардың дизайны толық өзгеріп, қызылкүрең түстен көкке өзгертілуі қажет.

Ал Ұлыбританияның Еуропа одағынан қашан шығатыны әзірге белгісіз. Елде Брекзит мерзімі 29 наурыздан 12 сәуірге әбден тақалған кезде шегерілді. Енді британ парламенті ЕО-ны Брекзит мерзімін 30 маусымға ауыстыруды сұрап отыр. Себебі парламент одақтан шығу келісімін әлі мақұлдамаған және келісімсіз шығумен де келіспеген.

Жаңа төлқұжатқа ие болғандар құжаттан «Еуропа одағы» сөзінің алынғанына наразы. Кейбір азаматтар заң бұзылғанын алға тартса, кейбірі Брекзиттің күші жойылып, Ұлыбритания одақта қалатын шығар деп үміттенеді.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз