Ұлыбританияда ер адамның 37 жыл бұрынғы ауыр қылмысы ашылды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Әйелдің өз-өзіне қол жұмсамағаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Ұлыбританияда 86 жастағы фермер ұсталды, деп хабарлайды The Daily Mail.

Ол 1982 жылы өз әйелін өлтірді деген күдікке ілініпті. Әйелі осыдан 37 жыл бұрын ұшты-күйлі жоғалып кеткен.

Фермер көршілеріне жарының Испанияға аттанғанын, содан қайтып келмегенін айтқан. Алайда жергілікті тұрғындар, әйел өз-өзіне қол жұмсады деген ойда болған.

Тәртіп сақшылары 86 жастағы фермердің үйін тінтіп шығып, белгісіз адамның сүйектерін тауыпты. Ол септик резервуарында болған. Сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда полиция адам сүйектерінің осыдан 37 жыл бұрын жоғалған әйелге тиесілі екеніне сенімді.

Тағы оқыңыз: Алматыда белгілі әртістің әйелі күйеуінен көрген қорлығын жайып салды

Ұлыбританиялық зейнеткер үйін сатып, жақын жерге көшіп кеткен. Оның мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз.



sputniknews.kz