Ұлыбританияда алғаш рет хиджаб киген әйел судья атанды — Қазақстан жаңалықтары
Ұлыбританияда алғаш рет хиджаб киген мұсылман әйел судья лауазымына ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі
Бұл туралы The Independent басылымы жазыпты.
40 жастағы Раффия Аршадтың заңгерлікпен айналысып жүргеніне 17 жыл болыпты. Сөзінше, оның судья болуы басқа мұсылман қыздарға үлгі боларлық жайт екен. Раффия Аршад жастайынан ұлты мен дініне байланысты дәрежелі қызметке ие бола алмайсың дегенді естіп өсіпті. Десек те ол алған бетінен қайтпай, жоғарғы мансаптардың біріне қол жеткізіпті.
Бұған қоса Раффия көптеген адамдардың қолдау көрсетіп жатқанын жеткізіпті.
«Кейбір кездері менің судья екеніме ешкім сене бермейді. Кейбір заңгерлер мені аудармашы немесе көмек сұрап келген азаматша деп ойлап қалады. Біреулер, тіпті, жоғарғы лауазымды қызметкерлер мен сияқты болмайды деген сенімде», — дейді Раффия Аршад,
Еңбек тәжірибесінде Аршад адвокат болып жүріп, елдегі мұсылмандардың мәселесін шешуге ат салысқанын айтады. Мәселен, ол британдық мұсылмандардың отбасы құқығы, әйелдеріне озбырлық танытқан ерлер, ислам құқығы жөніндегі мәселелерді шешуге көмектескен екен.
stan.kz