Ұлыбритания су тасқынына байланысты Қазақстанға көмектесуге дайын

0

Ұлыбританияның мемлекеттік Сыртқы істер министрі Нусрат Гани ауқымды су тасқынына байланысты Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Ол бұл туралы 15 Сәуірде  аккаунтында жазды.

«Қазақстанда болып жатқан су тасқыны елдің солтүстігі мен батысындағы өңірлерді қиратты. Менің зардап шеккендердің барлығымен, әсіресе эвакуациялауға тура келгендермен біргемін. Орталық Азия елдері климаттың өзгеруіне қарсы күресте алдыңғы қатарда. Ұлыбритания көмектесуге дайын», — деп жазды ол.

Фото: pixabay