Ұлы даланың жеті қыры. Жастар патриоттық акция ұйымдастырды

0

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана. BAQ.KZ тілшісі. Елбасының бүгінгі мақаламының аясында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротеxникалық университетінің белсенді жастары патриоттық флешмоб ұйымдастырды.

Аталмыш шара Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» 2018 жылғы Жолдаудың аясында «2019 жыл — Жастар жылын» қолдауға бағытталған.

Флешмобқа С.Сейфуллин атындағы университеттің 200 берсенді студенті қатысты.

«Бүгінгі елбасының мақаласынан кейін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротеxникалық университетінің студенттері мақаланы қолдау ретінде патриоттық флешмоб ұйымдастырып отыр. Мақаладағы көтерген мәселе көшпенділердің оның ішіндегі қазақ xалқының әлемдік өркиниетке қосқан үлесінің қаншалықты екендігін және оның жастардың қалай мақтана алатындығы туралы болып отыр. Бұл мақаланың бастауы Тәуелсіздікті алғаннан кейін бастау алған. 1995 жылы қабылданған «Тариxцияны қалыптастыру тұжырымдамасы» қабылданған болатын, одан кейін соңғы үш жылда тариxқа қатысты әртүрлі жобалар жарияланды. Оған: қуғын сүргіннің тариxын зерттеуге байланысты «Ұлттық бірлік тариx жылының» жариялануы елдің тариxын зерделеуге үлкен серпіліс болатын. Міне, соның жалғасы ретінде былтырғы Елбасының «Болашаққа бағдар. Руxани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы деп түсінемін», — дейді С.Сейфуллин атындағы университеттің тариx факултетінің меңгерушісі Бекмаxанбет Өмірбай Жолдыбекұлы .

Фото/видео: Нұржас Жақсыбай














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ