Ұлы даланың жеті қыры.  Төл тарихымызды бағалау – доктор

0

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрген болатын. Осы мақалаға орай PhD доктор Құдайберді Бағашар өз пікірін білдірді.

Бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Республикамыз бойынша кең көлемде жүзеге асуда. Елбасы Н. Әбішұлының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы сол бағдарламаның жалғасы іспетті. «Қазақтың арғы-бергі тарихында біз ұялатындай ештеңе жоқ» дегенді бұрынырақта айтқан Елбасы бүгінде түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туып отырғанын білдіріп, төл тарихқа оң баға берілуін, төл тарихын білетін, бағалайтын жә­не мақтан ететін халықтың болашағы зор болатындығына сенім артады. Н. Әбішұлының пікірінше, мақалада аталған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды.

Сондықтан нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз. Мақала негізінен «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» және «Тарихи сананы жаңғырту» атты екі тараудан тұрады. Алғашқы тарауда алғаш ұлы дала төсінде пайда болған материалдық мәдениет­ сөз етіліп, атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, Алтын адам, түркі әлемінің бесігі қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны секілді тақырыптар қозғалған. «Тарихи сананы жаңғырту» тарауында алдағы уақытта бірқатар маңызды идеяларды жүзеге асыруға шақырған.

Атап айтқанда, ежелгі дәуірден қазіргі за­манға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отан­дық және шетелдік мұрағаттар дү­ние­сіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағ­дар­­ламасын жасау қажеттігі. Дегенмен бұл маңызды жұ­мыс мемлекет есебінен атқарылатын «академиялық туризмге» айналмауын ескертіп, архив деректерін тек жинақтап қа­на қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифр­лық фор­матқа көшіру аталған.

Елбасы пікірінше, «Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұя­латып, отаншылдық тәрбие беру мек­теп қабырғасынан басталуға тиіс. Сон­дықтан, мектептер мен барлық өңір­лер­де­гі өлкетану музейлерінің жанынан та­ри­хи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды. Ұлт тарихын санаға сіңіру бар­ша қазақстандықтардың бойында өз бас­тауларына деген ортақтық сезімін қа­лыптастырады». Мақалада Ұлы дала әл-Фараби мен Яссауи, Күл­тегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абы­лай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дү­ние­ге әкелгенін, сондықтан, атақты та­рихи тұлғаларымыз бен олардың же­тіс­тіктерінің құрметіне ашық аспан ас­тын­да ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағар­ту энциклопедиялық саябағын ашу, мақсатты мемлекеттік тап­­­сырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі әде­биет­тегі, музыка мен театр саласындағы жә­не бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақын­дар және ел билеген тұлғалар бейне­сі­нің маңызды галереясын жасау идеясы көтерілген.

«Ұлы да­­ла тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік се­­рия­­ларды шығарып, тарату жұмыс­та­рын жүйелендіру, «Түркі өр­ке­ние­ті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу. Бұл жоба ая­сында 2019 жылы Астанада Түр­ко­лог­тардың дүниежүзілік конгресін және әр­түрлі елдер музейлерінің экс­по­зиция­ла­рына ежелгі түркі жәдігерлері қойы­ла­тын Түркі халықтарының мәдени күн­де­рін ұйымдастыру, сондай-ақ, Ви­кипедияның үлгісінде Қазақстанның модераторлығымен Түркі халықтарына ор­тақ туындылардың бірыңғай онлайн кі­тап­ханасын ашу, Түркістанды дамыту бары­сын­да оның халықаралық аренадағы бе­де­лін жүйелі түрде арттыру, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және тех­нологиялар музейін ашу, «Ұлы даланың ұлы өр­ке­ниеттері» атты жалпыұлттық тарихи ре­конструкциялар клубын құру, «Дала фольк­лорының антологиясын» жасау, қазақтың қобыз, дом­быра, сыбызғы, сазсырнай және бас­қа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орын­дауға арналған маңызды туындылар топ­тамасын – «Ұлы даланың көне са­рын­­дары» жинағын басып шығару, тез арада Қазақстанның өр­кениет тарихының үздіксіз дамуын көр­сететін деректі-қойылымдық фильм­дер­дің, телевизиялық сериалдар мен то­лықметражды көркем картиналардың ар­найы циклін өндіріске енгізу, ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қа­лыптастыруға жол ашатын сапалы ба­лалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұр­пақтың да талғамына ерекше назар ау­дару мәселелерінің маңызы аталған.

Н. Әбішұлының айтуынша, «Біздің даңқты батырларымыз, ой­шыл­­дарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ, бү­кіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұл­ғалар». Біз жоғарыда сөз еткендей, «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаланың жалғасы іспетті. Яғни аталған бағдарламаның бұл жаңа компоненттері ата-ба­баларымыздың көп ғасырлық мұра­сы­ның цифрлық өркениет жағдайында тү­­сінікті әрі сұранысқа ие болуын қам­та­­масыз ете отырып, оны жаңғыртуға зор мүм­­кіндік береді. Мақалада аталған соны әрі тың идеяларды жүзеге асыру шынайы рухани жаңғыруға кең жол ашатыны сөзсіз. Халықтың күткені де осы еді деп нық айтуға болады.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ