Ұлы даланың жеті қыры. Тарихымызға шынайы көзқараспен қарауымыз қажет – Серік Қожкенов

0
22 Қараша 2018, 10:09 197 0

Астана, BAQ.KZ. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын қалың оқырман қызу талқылауда. Көптің көңілінен шығып, ұлттың болашағын бағдарлаған маөала туралы тарих ғылымдарының кандидаты, «Нұр Отан» партиясы Стратегиялық бастамалар институты директорының кеңесшісі, Серік Әбдіғалиұлы Қожкенов өз пікірін білдірді.

Қазіргі таңда біз өзіміздің ұлттық тарихымызға шынайы көзқараспен қарауымыз қажет. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен танысқаннан кейін осындай ойға келесің.

Ұлтымыздың этногенезіне объективті көзқарас бізді сақтар, ғұндар және массагеттер секілді ұлы прототүркі этникалық топтармен байланыстыратын терең тарихи, рухани және мәдени тамырластықты көрсетуде. Біз өзімізді ежелде Орта Азияның кең байтақ даласын мекендеген даңқты, қуатты тайпалардың ұрпағы деуге толық негіз бар.

Ұлы дала алқабы түркілердің тал бесігіне, қазақтардың төл мекеніне айналды. Ғалымдардың пайымдауынша қазақ халқының қалыптасуы түркі этногенезінің қалыптасу кезеңінен бастау алады. Түркі дәуіріндегі шаруашылық-мәдени өмір салты кейінірек басқа да түркі халықтарына ортақ бола түсті (қазақтар, қырғыздар, қарақалпақтар, башқұрттар, ноғайлар, алтайлықтар, твалықтар, түркмендер).

Біздің бабаларымыз көздің жауын алатын көркем бұйымдар жасаған. Біздің жерімізде көшпенді және отырықшы өркениеттері тоғысып, орта ғасырлық қалалар қалыптасып, сауда, ғылым және мәдениетке жол ашты.

Біздің ұлы даламыз ежелден Ұлы Жібек жолының өту орнына айналды. Негізгі жол торабы елдің оңтүстігінен өткен. Сауда керуені Қытай шекарасынан Орталық Азиядағы Сайрам, Яссы, Отырар, Тараз қалалары арқылы Персияға, Кавказға, ол жерден Еуропаға бағыт алған.

Елбасымыздың мақаласы Қазақстанның жаһандық тарихтағы орнына жаңаша қарауға, өз тамырымызды, ұлттық мәдениетімізді жан-жақты тануға шақырады.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ