Ұлы даланың жеті қыры. Халқымыздың тарихи рухын көтерді – Бақытжан Ертаев

0

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрген болатын. Осы мақалаға орай Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты – «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшесі Бақытжан Ертаев өз пікірін білдірді.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы біздің бай ұлттық тарихымызды зерттеуге, насихаттауға бағытталған.

Бұл мақала арқылы Елбасы өзінің патриоттығымен, бүкіл әлемге Қазақстанның кім екендігін көрсету арқылы халқымыздың тарихи рухын көтере білді.

Мақалада біздің тарихымыз жайында және атақты ата-бабаларымыздың өмірі, қызметі жайындағы архивтік деректерді жинауға және оларды сандық форматқа көшіруге көңіл бөлінген.

Сондықтан Мемлекет басшысы осы бағыттағы басымдықтарды айқындап, мақалада «Архив-2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» сияқты нақты жобаларды жүзеге асыру керектігін атап өткен.

Шет мемлекеттердің архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты деректерді іздестіру-зерттеу жұмыстары тарихымызға қатысты құнды құжаттарды анықтауға мол мүмкіндік береді.

«Тарихсыз ел болмайды» дегендей, ұлттық тарихымызды іздеу-зерттеу және насихаттау жұмыстарын жүргізу тек зерттеушілердің, тарихшылардың ғана міндеті емес, бұл игілікті іске үлкенді-кішілі болып барша жұртшылықтың қатысуы абыройлы парызымыз.

Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады, рухани жаңғыру үдерістері жетілдіріле түседі.

Мақаладағы басымдықтар ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз, тарихымыз, әдебиетіміз бен мәдениетіміз, ұлттық рухымыздың бойымызда мәңгі қалуының маңыздылығын меңзейді. Сонымен қатар қазақта ғылымның және жоғары мәдениеттің болғанын көрсетеді.

Елбасымыз бұл мақала арқылы біздің тарихымыздың тереңдігін, оның байлығын білдіре білді.

«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала арқылы тарихи бастауымыздың көзі ашылғандығын білдіреді деп сенемін.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ