Ұлы даланың жеті қыры. Елбасы мақаласы қазіргі Қазақстанның жаһандық рөлін анықтауға тірек болмақ

0
22 Қараша 2018, 16:47 52 0

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары, саяси ғылымдар докторы Санат Көшкімбаев Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына қатысты пікір білдірді.

«Тарихты позитивті қабылдау және заманауи қазақтар үшін рухтандыратын оң үлгілерді таныта білу Президент мақаласының мәні болып табылады. Яғни, Қазақстан тарихы жаһандық тарихтан тыс емес. Ел тарихы жаһандық тарихи өзгерістердің орталығында болды. Бұл баршаға танымал Ұлы Жібек жолы, еуразиялық кеңістікте көшпелі елдер державаларның құрылуы секілді көптеген фактілер. Мемлекет басшысы Қазақстан аумағында жылқыны қолға үйретуді маңызды мысал ретінде келтірді. Тарихшылар жылқы жануарының Қазақстанның солтүстік аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді де. Жылқы дүниежүзілік өркениеттегі ауқымды технологиялық революциялық серпін болды», — деген саясаткер бұл жаңалық ұшақ ойлап табумен тең дәрежеде болғанын айтты.

Санат Көшкімбаев Президент өз мақаласында қазіргі қазақстандықтарды заманауи циярлық өркениетпен біртұтасып, оның дамуына өз үлесін қосуға ынталандыра түскенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының мақаласы тарихшылар, қоғам қайраткерлері, жалпы, біз әзірлейтін болашақ тұжырымдамалар үшін идеологиялық, саяси қолдау болып табылады. Себебі, Қазақстан тарихына деген дәл осындай біртұтас көзқарас қазіргі заманғы және келешектегі Қазақстанның рөлі мен маңызын түйсіну үшін тірек болып табылады. Қазақстан ғайыптан пайда болған, қайда бағыт алып бара жатқаны беймәлім ел емес. Оны тарихы тереңде жатыр. Сол себепті, Елбасы өз мақаласында тарихи дамудағы маңызды жаңашылдықтарға жеке-жеке тоқталды», — деді ҚСЗИ өкілі.

Стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары атап өткендей, алдағы уақытта отандық және әлемдік мұрағаттарды зерттеу арқылы жүзеге асырылатын «Архив – 2025» бағдарламасы Қазақстан тарихындағы тың деректерді дүниеге алып келуі әбден ықтимал.

«Президент «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында археографиялық үлкен жұмыстар атқарылғанын айтты. Оның аясында Бейжің, Ташкент, Тегеран, Париж, Вена, Санкт-Петербург архивтері ақтарылды, зерттелді. Осы және басқа да елдерде Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты көптеген құжаттамалық жазбаша мәлімет көздері бар. «Мәдени мұра» аясында тарихшылар бұл жұмыстарды атқарды да. Енді, ел тарихына қатысты барлық мәліметті цифрландыру, көшірмелерін жасап, онлайн-кітапханалар құру міндеті алда тұр. Соның арқасында зерттеулермен расталған фактілер негізінде көпқырлы Қазақстан тарихын жаңғырту мүмкін болады. Бұл маңызды аспект. Себебі, ол Қазақ хандығының құрылуы, Алтын Орда кезеңі, Түрік қағанатына қатысты қандай да бір «саңылауларды» толтыратын болады», — деді Көшкімбаев.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ