Ұлы дала өркениеті һәм ұлттық тәрбие

0

Аса қамқор, ерекше мейірім­ді Алланың атымен бастаймын! Барлық мадақ әлемдердің Иесі Алла тағалаға тән. Пайғам­бары­мыз Мұхаммедке, оның әулеті мен сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!

Жуырда Елбасы Н.Назарбаев­тың ұлт тарихын дәріп­­теп, тарихи жәдігерлерді на­­си­хат­тауға үндеген «Ұлы да­ла­ның жеті қыры» деп атала­­тын мақаласы жарық көрді. Мақала­да рухани жаңғыру идеясы жуырда ғана қолға алынған шаруа еместігі тілге тиек етіле келе, бұ­ған дейін де сол жолда қыруар ең­бек­тердің атқарылғаны алға тар­тылған болатын. «Мәдени мұра», «Халық – тарих толқы­нында», т.б. мемлекеттік бағ­дар­­ламаларды осы бағытта ат­қа­рылған іргелі жұмыстардың қа­тарына жатқызуға болады. 

«Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» – деп атап өткен Елбасы бүгінгі заманда әр азамат өзінің ұлттық-рухани тамырынан нәр алу қа­жет­тігін қадап айтты. Осы мақа­лаға өзек болған рухани жаң­ғыру арқылы ұлттық кодымыз­ды танысақ, «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбекте бұл ба­­ғыт­та атқарылатын жұмыс­тар­­дың бағдары, оларды жүзеге асы­ру­дың жолдары нақты көрсетілген. 

Ұлы даланың ерекше жеті қырын айқындап берген ма­қа­л­ада Мемлекет басшысы ба­­сым­­­­дылықты ұлттың тари­­­хына беріп, Ұлы даланы мекен­деген ұлттың рухани және материалдық мұраларын дәріп­теп, жаңғыртуға үндейді. Себе­бі тарих дегеніміз – ұлт­тың жады. Тарихы жадында жатталған ұлт қана ұлт ретін­де сақталып қалады, тарихын қастерлеген халық қана өт­кен­нен тағылым алу арқылы бола­шағына сенім­мен қарайды. 

Қазақ халқы өзінің сан ға­сыр­лық сындарлы тарихында тағ­дырдың талай тəлкегіне тү­сіп, көптеген оқиғаларды басы­нан кешіргені баршаға аян.

Алайда сол тығырықты жағ­дай­лардың бәрінен бірліктің арқа­сында шы­ға білді. Өйткені халықтың жіг­ерін жаныған нәрсе елдің аза­т­тыққа, тәуелсіздікке, жерді сақ­тап қалуға деген ұмты­лысы болатын. Қаншама алаш зия­лы­лары шыбын жанын шүбе­рек­ке түйіп, тәуелсіздік үшін күрес жо­лын жалғастырды. Ке­ше­гі ке­ңес­тік кезеңде де ға­сыр­лар­ға созыл­ған тарихымызды бұр­ма­лауға бағытталған әре­кет­терге той­тарыс беріліп, қазақ жері де­ген ұғымның сақталып қа­лу жо­лында ерен еңбектер ат­­қа­­рыл­ды. Біздің қазіргі тәуел­сіз­­д­і­гі­­міз сол асқақ арман мен ерен ең­­бек­тер­дің нәтижесі деуге болады.

Осы тәуелсіздігімізді сақтап, еліміз бен елдігімізді нығайту – басты мақсат болып қала бере­ді. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасыр­­лар бойы арманына айналған со­нау Алаш тұлғаларының зерде­­сі мен өнегесімен келген аманат болатын. Осы аманатты бү­гінгі ұрпақтың көзінің қара­шығындай сақтап, «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген да­на­лық сөзді ұстаным етіп алып, Отанды қорғау жолында бар­лық қиындықтарға төзе білуі перзенттік парыз болып табылады. Ізгі ғұламалардың: «Отан­ды сүю – иманнан» – деген та­ғы­лым­ды сөзі бар. Ұрпақты тәрбие­леу барысында қазақ­тың ұлт­тық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының рухани күш екенін сезіне отырып, осы құн­­ды­лықтар арқылы болашақ ұр­­­­пақ­ты адамгершілікке, иман­ды­лыққа баулу маңызды іс. 

Жаппай жаһандану үдерісін­де сырттан келетін ықпалдар­дан сақтану үшін осы рухани-мәде­ни құндылықтарды жаңғыр­тып, халық пен мемлекеттің тұтас­тығы үшін ұлттық сананы на­си­хаттаудың орны ай­рық­­ша. Өскелең ұрпақты тәр­бие­­леу­де заман мен уақыт өз­герсе де салт-дәстүріміз бен құн­ды­лық­­тарымыздың көнер­мей­тіні ақи­қат. Демек, мәдени мұра­мы­зды жаңғыртуға, оларды тиім­ді қол­дануға әрдайым күш салуы­мыз қажет. Елбасының жария­ла­ған «Мәңгілік Ел» идеясының көз­­дегені де осы болатын. Мақ­сат – төл дәстүрімізді, әде­бие­т­і­міз бен мә­дениетімізді жаң­ғыр­­ту, дін­іміз бен тілімізді өркендету.  

Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қазақ халқының байырғы заманнан қанына сіңген қылқұйрық­ты ауыздықтап міну мәдение­ті, түркі бабаларымыздың темір кенін игеру өнері, аң стилі, алтыннан аптап, күміспен күптеп киім кию салты жан-жақты баян­далған. Қазақ жерінің тұтас түркінің қара шаңырағы әрі Ұлы Жібек жолының күретамыры болуы – Ұлы даланың басты ерекшелігі деп есептейміз. 

«Тарихи сананы жаңғырту» деп аталатын екінші тарауында елдің рухани игілігі үшін «Архив – 2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежел­гі өнер және технология­лар музейі», «Дала фольклоры мен му­зы­­ка­сының мың жылы», «Тарих­­­­тың кино өнері мен теле­­ви­­зия­дағы көрінісі» деп аталатын практикалық маңызды жобаларды ұсынған. 

Расында, тарихымызға қара­сақ, атқа міну мәдениеті мен жыл­қыны қолға үйрету өнері біздің кең-байтақ даламызда дамып, әлемге тарады. Ат­тың бабын білген бабаларымыз садақ тар­ту тәсілін жер жүзіне әйгіледі. Осы арқылы кең-байтақ же­рін сақтап, оны біз­дерге аманат етіп қалдырды.

Исламдағы әділетті әмірші­лердің бірі Омар Әл-Хаттаб (оған Алла разы болсын) пай­ғам­барымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Өз балаларыңа садақ­тан оқ атуды, суда жүзуді және атқа мінуді үйретіңдер» – деген хадисін жеткізген. 

«Иманым – жиғаным», «Тәні саудың – жаны сау» – деген тағылымды тұжырымды ту еткен ата-бабаларымыз саламатты өмір салтын ұстанды. Ислам ғұламаларының: «Атқа міну, садақ ату, күрес пен жүгіру – созылмалы аурулардың бірден-бір дауасы» – деген сөзінде үлкен мағына жатыр. 

Демек, біз өз ұрпағымыздың жан саулығымен қоса тән сау­лығына да мән беруіміз тиіс. Тәні сау адам құлшылықты өз дәре­жесінде орындайды әрі сапалы білім алып, қоғамға пайдасын тигізетін тұлғаға айналады.

Елбасы өз мақаласында қазақ топырағынан шыққан әл-Фара­­би, Ясауи, Бейбарыс, әз-Тәуке, Абылай хан, Кенесары, Абай сынды ірі тұлға­лары­мыз­­дың еңбегі мен өмірін наси­хат­тау қажеттігін атап өтті. Шын мәнін­де, аталған тұлғалар – хал­қы­мыздың еліктеуге тұрар­лық мақтаныштары. Өс­келең жас­тарды осынау дана­ларымызға еліктеп өсіру – ма­ңы­зды іс. Тегі мен тарихын, дәстүрі мен салтын ұмытпаған ұрпақ сырттан келген теріс діни ағымдардың арбауына ермейді.

Қадау-қадау мәселелер қам­т­ылған Елбасының бұл жоба­сы алты Алаштың рухын көтеріп, бір серпілтті. Ал ел игілігіне ба­ғыт­­­талып отырған жобаның бір уы­ғын көтерісу – барша қазақ­стан­­­дықтардың асыл борышы.

Алла тағала «Һуд» сүресінің 61-аятында:   

«…Ол сендерді жерден жаратты (яғни, тәндеріңді топырақ­тан жаратып, жерден шыққан өсімдіктермен азықтандырды) әрі сол жер бетінде өмір сүріп, оны көркейтулеріңді қалады» – деген. Демек, өз өмірі­мізді көр­кейтіп, дініміз бен дәстүрі­міз­ді жаңғыртып, қоғам­ның дамуы мен өркендеуіне үлес қосу – баршамыздың мызғымас мін­­детіміз. Алла тағала халқы­мыз­дың бірлігін бекем етіп, мем­лекетімізді өркендеген елдердің қатарына қосқай! Әмин!

Серікбай қажы ОРАЗ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти