Ұлттық валюта әлсіреді — Нарық
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында долларына 372,95 теңгеге тең болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
9 қарашадағы таңғы сауданың бірінші келісімі 372,1 теңгемен өтті. Минимал құны да осы болды, ал максимал құны — 371.35 теңге. Сауданың жалпы көлемі 19,6 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валюта бағамы айырбастау орындарында 372,2-374,3 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астана уақытымен сағат 11.32-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 70,7 доллар болды.