Ұлттық ұланның лауазымды қызметкері ұсталды – видео

0

Ол жанар-жағармай материалдарын заңсыз иемдену арқылы мүлікті жымқырғаны үшін айыпталып отыр, қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық ұланның лауазымды тұлғасын ұстағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының №52859 әскери бөлімі командирінің орынбасарын құрықтады.

«Ол жанар-жағармай материалдарын заңсыз иемдену арқылы мүлікті жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, тергеу мүдделеріне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», — делінген ресми хабарламада.

Агенттік лаузымды тұлғаны ұстау операциясының видеосын да жариялады. Одан қыруар қаржының тәркіленіп жатқанын көруге болады.