Ұлттық ұлан қызметкерлері түзеу мекемелеріне 140 ұялы телефонды өткізу әрекеттерін тоқтатты

0

ҚР ІІМ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерімен бірлесіп, жазалау орындарына және тыйым салынған заттарды өткізу мен тасымалдаудың жолын кесу бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Қазіргі уақытта Ұлттық ұланның қарауылдау және әскери жасақ бақылаушылары Қазақстанның қылмыстық-атқару мекемелерін қорғап жатыр. Күн сайын осы мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазасын өтеушілердің тәртібін бақылау үшін 2000-ға жуық әскери қызметші кезекшілік атқарады.

Биыл күзет қызметі мен әскери жасақ бақылаушылары тыйым салынған заттарды өткізудің 20 оқиғасын болдырмады. 140 ұялы телефон, 152 SIM-карта, 45 пышақ пен өткір құрал, 420 гр. астам марихуана, 20 литр спирттік сусындар тәркіленді.

17 заң бұзушы ұсталып, тергеу-жедел топқа тапсырылды.

Айта кетейік, қылмыстық-атқару жүйесінде заңдылық пен тәртіпті сақтау Ұлттық ұланның маңызды міндеттерінің бірі саналады.

Ұлттық ұланның әскери қалашықтарында мыңға жуық камера орнатылатынын жазған болатынбыз.

https://kaz.inform.kz/news/ulttik-ulan-kizmetkerler-tuzeu-mekemelerne-140-uyali-telefondi-otkzu-arekettern-toktatti-70e323/