Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілікті

0

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Ұлттық ұланның техника және қару-жарақ жөніндегі бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Константин Воронкинді 2023 жылы пара алды деген күдікпен ұстады.

ҰҚК нұсқасы бойынша, генерал-майор параны «Параллель-ТС» ЖШС құрылтайшысы, автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын көтерме саудамен айналысатын Дмитрий Васильев пен осы серіктестіктің директоры Максим Васильевтен алған. Пара келісім-шарттар жасасу және мемлекеттік сатып алу шеңберіндегі әрекеттерді орындау, сондай-ақ Ұлттық ұлан мүдделеріне қайшы келетін олардың жалпы қамқорлығы үшін алынған.

Васильевтердің бір әулеттен екендігі байқалады, олар бір-біріне ағайынды болуы мүмкін. Сонымен қатар, Дмитрий Васильев «Ақ Жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтің орынбасары болып табылады.

Азат Тұрлыбекұлынан сұрағанымызда, енді оның партияласына және жақын серіктесіне не болатынын білгіміз келді. Партиядан шығара ма?

— Мен бұл туралы бес минут бұрын білдім, алдымен адвокаттармен кездесуім керек, — деп жауап берді төраға.