Ұлттық тестілеу орталығындағы шу: Жақсыбеков 7 жылға сотталды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Ұлттық тестілеу орталығы директорының бұрынғы орынбасары Дархан Жақсыбеков өмір бойы мемлекеттік қызмет атқара алмайды

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары Дархан Жақсыбеков жеті жылға сотталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Жақсыбеков «ProBusineSS.kz» ЖШС директоры С.А. Панкеевтен құны 8,8 миллион теңгені құрайтын «Toyota camry» маркалы автокөлікті пара алып, аймақтарда ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру кезінде жеке меншік фирмаға қызмет көрсетуге жағдай жасады деген күдік болған. Осыған байланысты сыблайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейнгі тергеуді өткізді.

«9 желтоқсанда Нұрсұлтан қаласының Байқоңыр аудандық №2 сотының үкімімен Жақсыбеков пара алды деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды», – делінген қызметтің ресми хабарламасында.

Айта кетейік, 25 қарашада «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК бұрынғы директоры Рамазан Әлімқұлов 5 миллион теңге көлеміндегі пара үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған да өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Жақсыбековтың өмірбаяны 

Дархан Жақсыбеков 1971 жылы 4 наурызда дүниеге келген. Ғылыми атағы – тарих ғылымдарының кандидаты. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК-сында ғылыми-әдістемелік зертхананың жетекші маманы қызметінен бастаған.

2001-2002 жылдары мемлекеттік білім стандарттары мен тестілеудің ұлттық орталығында тест сынақтары зертханасында жұмыс істеді. Одан кейін бес жыл бойы осы зертхананың меңгерушісі болды.

2007-2014 жылдары тестілеу орталығының орта білім саласында тестілеуді ұйымдастыру басқармасының жетекшісі, ал 2014 жылы шілде айында директордың орынбасары қызметіне тағайындалды.

2011 жылы Қазақстан президентінің грамотасын алған. Сондай-ақ, Алтынсарин белгісінің иегері.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз