Ұлттық құрамадағы үш хоккейші Қазақстан азаматтығынан бас тартты

0

Спорт журналисі Аслан Қаженов отандық хоккей әбден былыққа батқанын, күні кеше ұлттық құрамадағы үш бірдей спортшы Қазақстан азаматтығынан бас тартқанын жазады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Олар — Алексей Маклюков, Егор Петухов пен Антон Сагадеев.

“Тізім ары қарай да ұлғая түсуі мүмкін”, – дейді Қаженов.

Екеуі Ресейден алдырған легионерлер. Біреуі Теміртаудың тумасы.

«Қазақстан азаматтығын алып тұрып, Ресей азаматтығынан бас тартпаған. Яғни, қолында 2 паспорты болды. Бұндайға бізде заң бойынша рұқсат жоқ», — дейді ол.

Журналист Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловқа мәселеге назар аударуды өтінеді.