Ұлттық қордан баланың шотына ақша түскенін қалай тексеруге болады?

0

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында бүгінде ата-ана баласы туралы деректердің дұрыстығын және олардың eGov.kz порталының жеке кабинетіне енгізілген-енбегенін тексеру қажет екенін хабарлады.

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы сайтында баланың жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет болатын арнайы бөлім құрылады. Осының арқасында бала бағдарламаға қатысушы болды ма, көре аласыз.

Бұл ақпарат қордың веб-сайтында ақпанда балалардың шотына төлем түсе бастағанда пайда болады. Бұл қызметтер төлем жасалғаннан кейін жұмыс істей бастайды.

Ата-аналар немесе заңды өкілдер eGov.kz сайтындағы жеке кабинетінде әрбір бала туралы толық ақпаратты көре алады.
Жеке кабинетке кіргеннен кейін баланың ата-анасы «Цифрлық құжаттар» бөліміне өтуі керек.
Бұл бөлімде: «Менің құжаттарым», «Отбасы» және «Басқа құжаттар» бөлімдері бар. Аударым деректерін тексеру үшін төлемдер туралы толық деректер болатын «Отбасы» бөліміне өту керек.

фото:aikyn.kz