Ұлттық қор қаржысы халық мүддесі үшін жұмыс істей бастайды

0

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Мәжіліс қарауына түскен «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысты осылай пікір білдірді, деп жазады KZNEWS сайты.

«Аталған заң жобасы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асатын Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» атты бағдарламасы бойынша әзірленіп жатыр. Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» жобасы жас қазақстандықтардың кәмелет жасына толған кезінде өзінің баспана жағдайын жақсартуына немесе білім алуына мүмкіндік береді. Осылайша, Президенттің әлеуметтік маңызды бастамасы заң тұрғысынан рәсімделіп, Ұлттық қордың қаржысы халықтың мүддесі үшін жұмыс істей бастайды», — деді ол.