Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазгидромет басшылығын ұстады

«Қазгидромет» РМК лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінді
АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Мемлекеттік метеоқызмет — «Қазгидромет» РМК бірқатар лауазымды қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Қызметкерлер 17 қаңтарда ҚР ҚК 366-бабы 4-тармағында көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталған. Яғни, лауазымды тұлғалар аса ірі көлемде пара алған.
«Қазіргі кезде жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды» – деп жазылған комитеттің хабарламасында.
Қазгидромет басшылығы ұсталды
Дереккөз: https://sputniknews.kz/