Ұлттық қауіпсіздік комитеті граната алып жүрген Әзербайжан азаматтарын ұстады
Қысқа сілтеме алу
«Бекіре» кең көлемді акциясы шеңберінде браконьерлерден балық аулауға арналған құрал-жабдықтар, Ф-1 қол гранатасы тәркіленді
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Каспий теңізінде заңсыз балық аулап жүрген Әзербайжанның 4 азаматын ұстады.
«Тексеру іс-қимылдары барысында ұсталған тұлғалардан балық аулауға арналған құрал-жабдықтар, сондай-ақ Ф-1 қол гранатасы тәркіленді», — делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі – «қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттары мен жарғыш құралдарын заңсыз алу, беру, қолға түсіру, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» және 392-бабы –»Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Қорықшыны өлтірген браконьер сотта жылап жіберді – видео
sputniknews.kz