Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтау әуежайында үш адамды ұстады
Ұсталғандар Ираннан жеткізілетін «героин» есірткі затының контрабандасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Ақтау халықаралық әуежайында үш есірткі тасымалдаушы ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: ҰҚК лауазымды тұлғаның қылмысын әшкереледі — фото
Ұсталғандар Ираннан жеткізілетін «героин» есірткі затының контрабандасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.
«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ұсталғандардың ішкі құрылысынан 302 героин капсуласы табылды, олардың жалпы салмағы шамамен 1 килограмм (бес мың біржолғы доза), құны 50 миллион теңге болады», — делінген хабарламада.
Осы факт бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі, 286-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы мен 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
sputniknews.kz