Ұлттық киіммен ұлан-асыр той жасаған қазақтар жұртты сүйсінтті (видео) — новости Казахстана

Әлеуметтік желіде байлығы тасыған қазақтардың аста-төк той жасап, толассыз сыйлық әкеліп жатқан видеосы тарап кетті. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр
Видеодан үстінде қазақтың ұлттық шапаны бар ақсақал бастаған бір топ қазақтардың зәулім үйге беттеп келе жатқанын байқауға болады. Олардың ішінде ұлттық киім киген, түйін-түйін жүктерді көтеріп келе жатқан азаматтар да бар.
Құдалардың салт-дәстүрді ұстанып, осынша дайындалған шеруі қай өңірде өтіп жатқаны белгісіз. Алайда, әдет-ғұрыптардың қаймағын бұзбай өткізіліп жатқан бұл құдалық желі қолданушыларын таң қалдырған.