Ұлттық бюро білім және ғылым министрінің орынбасарын «тергеп жатыр»

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қазақстан білім және ғылым министрінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Бұл туралы 5 маусымда бюроның ресми өкілі Жанна Бастарова Tengrinews.kz сайтына хабарлады.

Ұлттық бюро вице-министрдің есімін жарияламады. Нақты қандай бап бойынша айып тағылғанын да айтпады.

5 маусымда елде білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиеваның ұсталғаны жайлы ақпарат тараған. Министрлікті Күләш Шәмшидинова басқарады.

20 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мүшелерімен жемқорлықпен күрес мәселесін талқылаған жиында «егер қол астындағы жұмысшысы парамен ұсталса, мемлекеттік органдардың басшылары жұмыстан кетуге өтініш жазуы тиіс» деген.

Тоқаевтың сөзінше, отставканы қабылдау, я қабылдамау – президенттің шаруасы, бірақ басшылар жұмыстан кету туралы өтініш жазуы міндет.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз