Ұлттық банк ресейлік банктердің еншілес ұйымдарына көмек көрсететін болып шықты

0
27
Фото basnews.kz сайтынан алынды

Қазақстанның Ұлттық банкі ресейлік банктердің «еншілес компанияларына» көмек көрсетеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың баяндамасына сілтеме жасап.

«Ұлттық банк банктерге клиенттерге қызмет көрсетуді қолдауға бағытталған көмек көрсетеді. Ресейлік банктердің еншілес банктеріне қолма-қол теңге тұрақты режимде шектеусіз беріледі», — деді Пірматов сейсенбі күні үкімет отырысында.

Оның айтуынша, ресейлік банктер мен олардың Қазақстандағы еншілес ұйымдарына қарсы санкциялардың кеңеюі бұл банктердің жұмысына, атап айтқанда, доллармен, еуродағы аударымдар мен карточкалық операцияларға әсер етті, өйткені Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелері олардың карталары бойынша операцияларды шектеді.

«Бұл банктерге салынған санкциялар мен шектеулер қазақстандық банктердің қызметіне қатысы жоқ және оларға әсер етпейді», — деді Пірматов.