Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы қанша екенін айтты
Қазақстанның сыртқы борышы 158,8 миллиард АҚШ долларына жеткен
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. 2018 жылдың 4-ші тоқсанында Қазақстанның сыртқы борышы экономиканың банктік емес секторы міндеттемелерінің азаюы есебінен 2,5 миллиард АҚШ долларына қысқарды.
2019 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 158,8 миллиард АҚШ долларын немесе ІЖӨ-ге шаққанда 93,1%-ті (жыл басынан бері 9,5%-ға жақсарды) құрады, деп хабарлады ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Сыртқы борыштың 63,6%-ін бұрынғысынша фирмааралық берешек, 25,0%-ін шырмалмаған кредиторлар алдындағы «Басқа секторлардың» сыртқы борышы, 7,8%-ін мемлекеттік сыртқы борыш (үкімет пен Ұлттық банк), 3,6%-ін «Банктер» секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ) алып отыр.
«2018 жылдың 4-ші тоқсанында Қазақстанның сыртқы борышы экономиканың банктік емес секторы міндеттемелерінің азаюы есебінен 2,5 миллиард АҚШ долларына қысқарды. Мемлекеттік сыртқы борыш жалпы сомасы 1,05 миллиард еуроны құрайтын 5 және 10 жылдық тәуелсіз еурооблигациялардың екі траншын шығару есебінен 899,1 миллион АҚШ долларына өсті», — деп түсініктеме берді Ұлттық банк.
«Басқа секторлардың» үлестес емес кредиторлар алдындағы сыртқы борышы 1,6 миллиард АҚШ долларына азайды, ол негізінен, қарыздарды өтеу есебінен, оның ішінде ERG тобы кәсіпорындарының міндеттемелерін қайта қаржыландыру (963 миллион АҚШ долларына азайды), «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың «Сбербанк России» ПАО алдындағы (371 миллион АҚШ доллары) және «Қазтеміртранс» АҚ-тың ЕҚДБ алдындағы қарыздарын өтеу есебінен болды.
Фирмааралық берешек ірі кен өндіруші және көлік компанияларының шетелдік тел ұйымдардан тартылған несиені өтеуі нәтижесінде 1,8 миллард АҚШ долларына қысқарды.
Қазақстанның таза сыртқы борышы 2018 жылдың 4-тоқсанында 560,5 миллион АҚШ долларына азайып, 47,2 миллиард АҚШ долларын құрады.
sputniknews.kz