Ұлттар лигасының финалдық кезеңінде ойнайтын құрамалар анықталды

0

Астана, BAQ.KZ. 2019 жылы 5-9 маусымда Португалияда өтетін Ұлттар лигасының финалдық кезеңінің қатысушылары анықталды.

Оған А лигасында өз топтарында бірінші орын алған төрт құрама қатысады: Голландия (1-топ), Швейцария (2-топ), Португалия (3-топ) және Англия (4-топ).

А лигасының төрт тобының жеңімпаздары 3 желтоқсан күні жеребе тарту рәсіміне қатысады. Финалдық кезең жартылай финалдан, 3-орын үшін ойын және финалдық ойыннан тұрады.

Айта кестек, Ұлттар лигасына UEFA құрамына кіретін 55 елдің құрамасы қатысты. Олар UEFA рейтингіндегі орнына байланысты А, В, С, D лигасына бөлінген. В, С, D лигаларында топжеңімпаздары Еуро-2020 турнирінің жолдамасына таласады.

Осыған дейін Қазақстан футбол құрамасы Ұлттар лигасын аяқтағанын хабарлаған болатынбыз.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ