Ұлт атасын халықтың өзі атауы тиіс

0

Нұрсұлтан Назарбаев жайлы жаңа деректі фильм шығарылмақ.

ҚР Президентінің Телеродиокешені басыбүтін, қызықты та шыншыл «Мемлекет басшысы» деректі фильмін жарыққа шығармақ. туынды анонсы Instagram-ға жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

— Әке деген кім? — Ол қорғаушы, асыраушы, ұстаз. Ұлт атасын халықтың өзі атауы тиіс, — деді Нұрсұлтан Назарбаев эксклюзивті сұқбатта.

ҚР Президентінің Телеродиокешенінің Instagram-да жариялаған ақпаратына сүйенсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың сұқбаттының негізінде «Мемлекет басшысы» атты жаңа деректі фильмі жасалды.

— Фильмді жасау барысында қырыуар шаруа атқарылды: мемлекет басшысының бір жарым сағаттық сұқбатын, ТРК-нің жасырын қоймасында жатқан видеоматериалдарды расшифровка жасау, жанды музыка мен компьютерлік дизайн, диктордың кадр сыртындағы бірде бір сөзінсіз жасалды. Фильм бүтіндей Президенттің сұқбатынан құралған. Фильмді жасауға 4 айға жуық уақыт кетті. Нәтижесінде басыбүтін, қызықты та шыншыл «Мемлекет басшысы» деректі фильмі жарыққа шықпақ,- деп хабарланған Телерадиокешеннің парақшасында.

Идея авторы – ҚР Президентінің бұрынғы баспасөз хатшысы, қазіргі ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрі — Дәурен Абаев, жобаның көркемдік жетекшісі — белгілі журналист, ҚР Президентінің ТРК-нің директоры Ерлан Бекхожин, қоюшы-режиссер Арман Жақсылық, монтаж режиссеры Ернар Ибрагимов — креативті жас мамандар. Ал сценарий авторы Ярослав Красиенко.

Фильм ҚР Президентінің Телерадиокешенінің YouTube каналында шығады деп күтіліп отыр.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

kaz.zakon.kz