«Үлкендер жұмыртқа лақтырып, кішілер құйрығын көрсетеді». Қазақстандық студенттер ұлтшылдыққа ұшырағандарын айтып берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Испания мен Францияда академиялық ұтқырлықпен оқып жатқан қазақстандық студенттер шетелде ұлтшылдық қысымына ұшырағанын,  ал отандастары тарапынан қолдау таппағандарын айтып шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Францияның Нанси қаласындағы университеттің бірінде оқып жатқан Ардақ Шегебек шетелде адамдардың өзіне қорқынышпен қарайтынын айтады.

“Instagram-ға видеомды жүктегенім сол-ақ еді, түрлі адамдар пікір қалдыра бастады: Қазақстанға келмеуім керек екенін айтты. Менде де интернет бар: бәрін біліп, естіп отырмын.

Шынын айтқанда, сондай көңілге тиетін ”Коронавирусты өзіңмен бірге Қазақстанға алып келме!, Сол елде қал!” деген сынды сөздер жазасыздар. Кешіріңіздер, бірақ менде вирустың белгілері жоқ. Осындай қиын уақытта кез келген негатив менің көңіліме қаяу түсіреді. Менімен бірге ұшақта қандай адамдар болатыны белгісіз. Қолдау көрсете алмасаңыздар, ешқандай пікір де қалдырмаңыздар”,- дейді қыз желіде тараған видеосында.

Сол сияқты, Испанияда оқып жатқан ҚазҰУ-дың заң факультетінің 2-курс студенттері шетелде тіпті нан сатып жей алмай жүргендерін айтады.

 «Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің 2-курс студенттеріміз.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша университет бізді Испаниядан Сьюдад-Реал қаласына жарты жыл, яғни қаңтар-маусым аралығындағы оқуға жіберген» ,- дейді әлеуметтік желідегі парақшасында студенттің бірі. 

«COVID-19 таратылуына байланысты университеттің үйлестірушілерінен біздің осында екенімізді және қандай-да бір ақпарат болған жағдайда, оның ішінде Қазақстанға оралу жайлы хабар беруді сұраған болатынбыз. Бірақ біз ешқандай жауап ала алмадық!», — дейді қапыда қалған студенттер.

Айтуларынша, Испанияның барлық аумағында карантин жарияланған. Қандай да бір жерге жүріп-тұруға тыйым салынған. Талаптарды орындамағандар жауапкершілікке тартылады. 

 

«Испанияда ұлтшылдық, буллинге ұшырадық. Дүкендерде бізге нан сатпайды, «Азиатсыңдар» деп бетке басады. Үлкендер жұмыртқа лақтырып, кішілер болса құйрығын көрсетеді, психикамызға нұқсан келді. Бастапқыда далаға шығуға қорқатынбыз, енді тіпті ұйықтауға қорқатын болдық, 

Испания үкіметі карантин екі айға дейін созылуы мүмкін екенін хабарлады. Себебі вирус жұқтырғандардың саны 10 000-нан асқан», — дейді студенттер. 
Олардың айтуынша, өздері тұрып жатқан пәтер иесі карантинге байланысты үйден шыға алмай, төлемді қабылдай алмайтынын және пәтерде айдың соңына дейін қалуды сұраған (Азияттарды ешкім қалада көргісі келмейді).

«Біз соңына дейін дүрбелеңге бой алдырмауға тырыстық, алайда жағдай ушығып барады және біз өміріміз үшін қорқамыз», — деп жазылған жазбада.

Студенттер ҚР СІМ-нің назарын аудыртқысы келетінін баса айтқан. 

Қазіргі уақытта студенттер ҚР Испанияда елшілігімен байланысқа шыққандарын және ҚазҰУ ата-аналарымен байланысқа шыққанын айтты. 

 



stan.kz