Үлкендер 21 жасқа толмаған баланың өтінішімен ішімдік алып бере ме: Мамандар алматылықтарға зерттеу жүргізіп көрді — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматылықтардың алкогольді сатып алуға көмектесуді сұраған студенттің өтінішін қаншалықты қабылдайтынын білу мақсатында әлеуметтік эксперимент жүргізілді.

Зерттеуді Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерімен айналысатын «Аман-саулық» қоғамдық қоры жүргізді.

21 жасқа толмаған жас жігіт дүкен маңында жүрген жүргіншілерден өзіне алкоголь сатып алып беруге көмек сұрады. Адамдардың барлығы дерлік бірауыздан алкогольді сатып алуға көмектесуге келісетіндерін жеткізді. Тек бірнеше адам ғана азаматтық белсенділік танытып, бұл ұсыныстан түбегейлі бас тартты.

Бүгінгі таңда Қазақстан Орталық Азияда 15 жастан асқан адамдардың ішінде ішімдіктен бірінші орында.  Адам басына шаққанда 15 жастан бастап бір адамға алкоголь өнімдерін тұтыну жылына шамамен 9 литрді құрайды. Оның 65% күшті алкогольді сусындар болып табылады.

2019 жылдың басында студенттер арасында сауалнама жүргізген сауалнама бойынша студенттердің 38%-ы алғаш рет алкогольді 16-жасында, 37%-ы 16-дан 18-ге дейін, 20%-ы 18-ден 21-ге дейін, тек 5 % ғана 21 жастан асқан соң ішімдікті пайдаланғандарын жеткізді. Алкогольді сусындардың жастар арасында оңай қол жетімділігі — оның кең таралуының негізгі себебі болып отыр.

Қор басшысы Бақыт Тұменова айтуынша, тәжірибенің міндеті қарапайым алматылықтардың жас жігіттің өтінішін қаншалықты қабылдайтынын және Қазақстанның ең ірі мегаполисінде 21 жасқа дейінгі алкогольді сату туралы заңнамалық шектеулердің қалай жұмыс істейтінін анықтау болды.

«Тәжірибе көрсеткендей, біздің отандастарымыздың азаматтық позициясы жеткіліксіз. Заңды тыйым салу мен шектеулерді тиімді жүзеге асыру әр азаматтың жеке жауапкершілігі. Оның өзін өзгертуі — айналасындағы әлемді өзгертуі болып табылады», -деді ол.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алкоголизм созылмалы, прогрессивті және өлімге әкелетін ауруға айналғанын мойындады. Сондықтан, бұл дерттен емдеу спирттің кезкелген дозасын толығымен тастауды білдіреді. Ғалымдар адам денсаулығына алкогольдің аз мөлшерін де пайдалану қауіпті екенін жоққа шығармайды. Ішімдікті 20% дейін тұрақты пайдалану кез келген жастағы ерте өлімнің ықтималдығын арттырады, бұл ретте пайдалану мөлшерін бақылау мүмкін емес.

«Амансаулық» қоғамдық қорының қызметі тәуекел факторларды басқаруға жүйелі түрде бағытталған. Қор ұйымдастырған акция Алматы тұрғындары мен қонақтарын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

 

stan.kz