«Үлкен жігіттермен отыруға болмайды»: Жазира Байырбекова жары Жанболатпен танысқан кезін есіне алды
Танымал әнші Жазира Байырбекова жары Жанболатпен қалай танысқанын айтып берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі студент күнінде болашақ жарын жолықтырған сәтін есіне алды.
“17 жасар кішкентай қыз едім. 1-курс оқимын. Жатаханада менен 2-3 жас үлкен қыздармен бірге тұрдым. Бөлмемдегі қыздарға қонаққа жігіттер келді. Көрші бөлмеде тұратын Жанболат есікті қағып «бері келші» деп коридорға шақырып, «Сен кішкентайсың, саған үлкен жігіттер бар жерде отыруға болмайды. Одан да далаға шығып таза ауа жұт, жүр бірге шығып келейік» деді. Содан бері «саған анау болмайды,мынау болмайды» деп жанымда жүр», – деп жазды өнер иесі.
Еске салайық, әнші күйеуінің де өнер саласында екенін айтып, таңдауына еш өкінбейтінін жасырмаған еді.
“Ерлі-зайыпты болып тәулігіне 24 сағат бірге жүру қиын ба, жеңіл ма қалай ойлайсыздар? Мен де кейде ренжітсе ренжіп қалып, сөйлемей қойып, уақытша кетіп қалып басқа әйелдер сияқты қырсығайын десем ән айту керек болып қала береді. Жәкеңнің мінезін білу үшін біздің үйде тұрып көріңіз», – деп жазған еді әнші.