«Үлкен трагедия». СҚО-да құс тұмауынан бір тәулікте 180 мың тауық қырылып қалды

СҚО-дағы Бескөл құс фабрикасында тәулік ішінде мекиен тауықтардың жартысынан көбі құс тұмауынан қырылып қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап. Фабрика мамандары жақын арада кәсіпорында тағы осындай жағдай болады деп болжап отыр. Құстың жаппай қырылуынан фабрика қызметкерлері жұмыссыз және табыссыз қалуы мүмкін. «Бүгінде мекиен тауықтардың жартысынан азы қалды. Кеше кешке 180 мыңнан аса құс қырылды, бұгін тағы 30-40 мыңға жететін шығар. Аналық қаздан тіпті қалмады деуге болады. Бірнеше тәулікте ондаған мың құс қырылды. Қалдықты өзіміз жойып жатырмыз: жер қазамыз, өртейміз, індет таралмауы үшін оны балшықпен жабамыз», — деді Бескөл құс фабрикасының технологы Татьяна Костенко кәсіпорынға ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева арнайы … Читать далее «Үлкен трагедия». СҚО-да құс тұмауынан бір тәулікте 180 мың тауық қырылып қалды