Үлкен Еуразияның сұлбасы қалыптасып келеді

0

2018 жылғы 13 қараша 15:34 103

Үлкен Еуразияның сұлбасы қалыптасып келеді - Нұрсұлтан Назарбаев


АСТАНА. ҚазАқпарат — Біздің көз алдымызда Үлкен Еуразияның сұлбасы қалыптасып келеді. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Астана клубының жалпы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ірі державалар арасындағы қарама-қайшылықтар өршіп, қазіргі әлемдік тәртіптегі тұрақсыздықтың күшейе түсуінен кейінгі оқиғаларды болжау мүмкін емес бола түсуде. Мұндай текетіресті біз ұзақ уақыттан бері байқамаған едік. Постбиполярлық деп аталатын әлемдік тәртіп үзілді-кесілді өткенге кетіп барады. Біздің көз алдымызда Үлкен Еуразияның сұлбасы қалыптасып келеді», —  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы бұл процеске жаһандық ойыншылардың арасында өзгеріске түсе бастаған жағдаймен қатар өңірлік державалардың арасындағы ұлғайып келе жатқан бәсекелестік те өз ықпалын тигізіп отырғанын айтты.
Үлкен Еуразияның сұлбасы қалыптасып келеді - Нұрсұлтан Назарбаев 

«Олардың барлығы да әзірше әлемдік құрылымның болашақ форматына қатысты басты мәселеде іргелі пікір қарама-қайшылығын еңсере алар емес», — деді ҚР Президенті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысумен Астана клубының жалпы отырысы өтіп жатыр.