Үлкен Джордж Буш қайтыс болды — новости Казахстана

Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті үлкен Джордж Буш қайтыс болды деп хабарлайды «Риа Новости» сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: repubblica.it
Американың экс-президенті 94 жасында дүниеден озды.
АҚШ-тың 41-ші басшысы болған ол елді 1989-1993 жылдары басқарған.
Ал 1981-1989 жылдары, Рональд Рейганның тұсында үлкен Буш вице-президент қызметін атқарған.
Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында Джордж Буштың жұбайы қайтыс болған еді. АҚШ-тың экс-бірінші ханымы Барбара Буш 92 жасында көз жұмған болатын.
73 жыл бірге тұрған ерлі-зайыптылардың артында бес баласы, 17 немересі мен сегіз шөбересі қалған.
Үлкен Джордж Буштың үлкен ұлы- кіші Джордж Буш АҚШ-тың 43-ші президенті болса, кейінгі ұлы Джеб Буш Флориданың губернаторы қызметін атқарды.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар