«Үлкен болып мен, кіші болып сен қоймадың» — Нұрболхан Шарапов пен Ләйла Сұлтанқызы татуласты

0

Белгілі әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен танымал тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы татуласты. Бұл сәттің видеосын Ләйла Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Kznews.kz Kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап..

Нұрболханның сөзінше, кейбір адамдар әлі күнге дейін Ләйлә Сұлтанқызымен арада болған жанжалдың қаншалықты рас екенін сұрайды. Осы орайда әзілкеш бұл әңгіменің нүктесін қоюды жөн көрген.

«Бүгінде не болды, сендердікі хайп болды ма әлде шынымен (жанжал — ред.) болып, достастыңдар ма деп сұрайтындар бар. Иә. Барлығы өткінші. Қанша дегенмен, бұрыннан білетін жан болғаннан кейін бұлай соңына дейін тырысып жүргеніміз жарамас. Көрермендеріміздің алдында мен осы кісіден кешірім сұрайын деп тұрмын.

Өз кезегінде Ләйлә Сұлтанқызы Нұрболханның сөзін қостап, уақыт бәрін таразыға салғанын айтты. «Үлкен болып мен қоймадым, кіші болып сен қоймадың. Енді қазір уақыт өтті. Есейдік. Ақыл кірді. Қазір сен де кішкентай қыздардың әкесісің. Менің де ұлдарым өсіп келе жатыр. Жауапкершілік деген бар», — дейді тележұлдыз.

Кіші болып маған қоя салуға болатын еді. Бұл – сол кездегі эмоция, сол кездегі балалықтың тірлігі деп білеміз… Бүкіл көрерменнің алдында мен сізден шын жүректен кешірім сұраймын, егер кешіре алсаңыз… Бұдан былай ондай нәрсе орын алмайды деген ойдамыз», — дейді Нұрболхан Шарапов.

Сондай-ақ тележүргізуші бүгінде олар Нұрболханмен екеуі әріптес екенін атап өтті.

«Біз әріптеспіз қазір. Нұрболхан жоба жүргізіп жүр. Сондықтан керісінше, әріптес ретінде, әпке ретінде мен Нұрболханның жүргізіп жүрген жобасына биік-биік рейтинг тілеймін», — дейді ол.

Еске сала кетейік, бұдан төрт жыл бұрын әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзара араздасып, соттасуға дейін барған болатын. 

фото: kaz.nur.kz