«Үлгі алыңдар»: Заттыбек Көпбосынұлы әйеліне көмектесіп, көпшілікті сүйсінтті

0

Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы әйеліне көмектесіп, жұртты сүйсіндірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі ас үйде жүрген әйеліне мәнті түйісіп, қолғабыс етті.

“Жігіттер, әйелдеріңе көмектесіңдер!”, – деп үндеу тастады әнші.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесінің қарапайымдылығына тәнті болып жатыр. Алайда ер адамның ас үйде жүргенін жақтырмағандар да табылды.

“Керемет көрініс екен”, “Үйінің берекелі екені көрініп тұр”, “Ұят-ай, ас үйден шығыңыз”, “Отбасына деген қамқорлығы бір төбе”, “Зәкеңнен үлгі алыңдар!”, “Әйеліңіз төрт мәнтіні өзі де түйе алады”, “Ер адамның тамақ пісіргенін қабылдай алмаймын”, “Қолғабыс еткен дұрыс”, – деп жазып жатыр көпшілік.

Еске салайық, Заттыбек Көпбосынұлы тікелей эфирде қолындағы сағатын жүргізушіге сыйлағанын жазған едік.