«Ұлды болдым»: Әнші Өмірқұл Айниязовтың үшінші перзенті дүниеге келді
Танымал дәстүрлі әнші Өмірқұл Айнизяовтың отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесінің үшінші перзенті дүниеге келді, деп хабарлайды Kaz.nur.kz.
Қуанышты жаңалықты жұлдызды әкенің өзі Instagram парақшасында жария етті. Өнер иесінің келіншегі үшінші перзентін 2024 жылдың алғашқы күнінде дүниеге әкелген.
«Сүйінші! Жаңа жылдың алғашқы күнінде ұлды болдым, ағайын. Құттықтап қойыңыздар», — деп жазды Өмірқұл Айниязов.
Желі қолданушылары ерлі-зайыпты жарыса құттықтап, өз ақ тілегін жолдауда. «Бауы берік болсын! Үлкен азамат болсын», «Әкесіндей елге сыйлы азамат болып өссін», «Батырдың бауы берік болсын», «Құтты болсын, ағасы. Жаңа жыл жақсы жаңалығымен келіпті», «Сіздер үшін қуаныштымын. Үлгілі отбасы», — деп жазуда оқырмандар.
фото: әлеуметтік желіден