Home Жаңалықтар Ұлдарының тосын сыйын алған түркістандық әке көзіне жас алды (видео)

Ұлдарының тосын сыйын алған түркістандық әке көзіне жас алды (видео)

0
5548

Түркістан облысында әкесіне күтпеген сыйлық жасаған жігіттер жұртты тәнті етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олар есік алдына Lexus RX 300 кроссоверін әкеліп, оны сыйлыққа арналған бантикпен орап қойған. Үйге кірер алдында ағайындылар камера қосып, әкесінің реакциясын түсіріп алмақ болған.

«Міне, көптен күткен арманымызға жеттік. Асқар таудау әкешімізге көлік сыйлайын деп жатырмыз. Әке-шешеміз мүлде білмейді. Қазір барып, табыстаймыз», – дейді олар.

Видео кадрында үстел басында отырған әкесі сыйлықты алып жатқан сәті көрсетілген. Қорапта кілттен бөлек басқа да заттар бар. Сөйтіп әкесі қораптың ішінен шынайы сыйлықты тауып, оған жақындары қошемет көрсетіп. Мұны көрген әкесі көзіне жас алған.

«Жарайсыңдар, жігіттер», «Ата-аналарың бақытты болсын. Өзіміз де сендер секілді бала өсірген ата-анамыз», «Әкеңе не істесең алдыңа сол келеді дейді, өздеріңе де салиқалы ұрпақ берсін», «Жарайсыңдар, көлікке емес, ұлына риза болып, қуаныштан жылап отыр ғой. Өнегелі ұрпақ деп осыны айт», – дейді Желі қолданушылары.