Украиндық әйел ауылдастарынан коронавирус жұқтырғаны үшін жылап кешірім сұрады (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Украинаның Чернигов облысының тұрғыны ауылдастарына видео-хабарлама жазып, онда коронавирусты таратқаны үшін жылап кешірім сұрады. Видео YouTube желісінде жүктелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Обозреватель» порталының хабарлауынша, індет басталған кезде Италиядан жергілікті тұрғын оралып, өзін-өзі оқшауламай, түрлі шараларға белсенді түрде қатысқан. Нәтижесінде ол көптеген ауылдастарын, балалары мен немерелерін вируспен жұқтырды.

«Мен сіздердің үйімді өртеп, балаларыма, немерелеріме жәбір көрсеткілеріңіз келетіні жайлы естідім. Мен бүгін келдім, емделдім, балаларым да емделді, оларды өлтірмеңіздер. Егер қаласаңыздар, мені өлтіріңіздер, кесіңіздер, егер осыдан бір нәрсе өзгерсе. Мен сіздерден кешірім сұраймын», — дейді видеода әйел тізе бүгіп.

Оның айтуынша, ол өзі де, оның отбасы мүшелері де азық-түлік сатып алуға үйден шыға алмай, енді олар қалған макарон өнімдерін жеп, тамақтануда.

Соңғы мәліметтер бойынша, Украинада коронавирустық инфекцияның 475 жағдайы тіркелген, оның 59-ы Чернигов облысында. Елде инфекцияның он жағдайы өлімге соқтырды.

stan.kz