Украинаның президент сайлауы 2019: Владимир Зеленский жеңді

0
62

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Украинаның президент сайлауында бастапқы нәтижелер бойынша сайлаушылардың 73,2 проценті Владимир Зеленскийге дауыс берген

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Шоумен Владимир Зеленский экзит-полдың бастапқы нәтижелері бойынша Украинадағы президент сайлауында жеңіске жетті.

Орталық сайлау комиссиясы Украина президентінің есімін 1 мамырдан кешіктірмей жариялауы тиіс.

Владимир Зеленскийдің штабы жеңісті тойлауды бастап та кетті.

«Мақсатымызға жеттік! Маған қолдау көрсеткен ата-анама үлкен алғысымды білдіргім келеді. Олар осының бәріне төтеп берді. Күш-жігер танытқан әйеліме рахмет. Егер мен туралы айтылған сөздерді кезінде естісе, маған күйеуге шықпас еді. Балаларыма, бүкіл отбасыма рахмет. Командама, сарапшыларға, заңгерлерге, бақылаушыларға  – бәріңізге рахмет», – деді Зеленский экзит-полл нәтижелерінен кейін.



sputniknews.kz