Украинаның НАТО-ға мүше болу мәселесін референдумға шығарамыз

0

Украинаның жаңадан сайланған президенті Владимир Зеленский елдің НАТО-ға мүше болу мәселесін референдумға шығаруға уәде берді.

5 маусымда Азат Еуропа/Азаттыққа берген сұхбатында Зеленский Украина мен оның азаматтарының тәуелсіз ұйымдарды таңдауына құқығы бар екенін айтты.

Оның айтуынша, билік «әрбір украин азаматына НАТО-ның қандай ұйым екенін, оған мүше болу соншалықты қорқатын нәрсе емес екенін айтып» түсіндіруі тиіс және «украин азаматтары дайын болған кезде бұл сұрақты міндетті түрде референдумға шығарамыз» деді.

5 маусымда шетелге (Еуропа) алғаш сапарын бастаған Зеленский Украинаның Еуроодақ пен НАТО-ның толық мүшесі болуға ұмтылатынын жеткізді. Бұған дейін мұндай мәлімдемені елді басқарған экс-президент Петр Порошенко да айтқан.

Мәскеу НАТО аумағының ұлғаюын әсіресе Украина мен Грузияның одаққа қосылу жоспарын жиі сынайды.

Azattyq