Украинаның дипломаттарына жарылғыш заттармен немесе жануарлардың бөліктері салынған сәлемдеме жіберілген

0

12 елдегі украин дипломаттары 17 анонимді сәлемдеме алды. Бұл туралы Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба CNN-ге берген сұхбатында хабарлады.

Осы аптада Украинаның Венгриядағы, Нидерландыдағы, Польшадағы, Хорватиядағы, Италиядағы елшіліктері, Неаполь мен Краковтағы бас консулдықтар, Брнодағы консулдық осындай сәлемдемелер алғаны белгілі. Содан кейін Киев барлық шетелдік елшіліктер мен консулдықтарда күшейтілген қауіпсіздік шараларын енгізді.

http://t.me/orda_kz
Фото: 1lurer.am