Украинаның бұрынғы президенті ауруханада жатыр

0
111
18 Қараша 2018, 13:57 109 0

Фото: 24smi.org

Астана, BAQ.KZ. Украинаның экс-президенті Виктор Янукович 16-қараша күні Мәскеудегі Н. Склифосовский атындағы қалалық жедел-жәрдем ғылыми-зерттеу институтына жатқызылды. Бұл туралы РИА Новости агенттігі аталған мекеменің қызметкерлеріне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ол бізде болды. Бірақ қазіргі таңда ауруханада жатқан жоқ. Жұма күні жеткізілді. Оған тиісті көмек көрсетіліп, сол күні жіберілді», – дейді медициналық қызметкер.

Осыған дейін «Комсомольская правда» басылымы дереккөзге сілтеме жасай отырып, Виктор Янукович Мәскеудегі ауруханалардың біріне жатқызылғанын хабарлаған. Саясаткер ауруханаға теннис ойынан соң жатқызылған.

Аталған басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, Украинаның экс-президенті клиникаға қимылсыз жағдайда, оның омыртқа жотасы мен тізесінде жарақаты бар деген диагнозбен жеткізілген.

Ол алғашында жан сақтау бөлімінен жіберілген. Алайда кейін жеке клиникаға жатқызылған.

Айта кетейік, Украинаның экс-президенті Виктор Янукович 2010-2014 жылдары елді басқарған. Алайда мемлекетте болған Еуромайдан көтерілісінен соң, 2014 жылы Ресейге қашып кеткен.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ